Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Мәртебелі мейманға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтылды.

Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз