Президент мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Ерлан Карин бұрын атқарған қызметінен босатылды. Ол 2022 жылдан бері мемлекеттік кеңесші қызметін атқарып келген. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында бұл лауазымның таратылатыны белгілі болған еді.
Референдум халықтың еркімен шешім қабылдау тәжірибесін нығайтады – Ерлан Қарин
Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасы қалай әзірленгенін түсіндірді