Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елшілерін тағайындауға қатысты бірнеше жарлыққа қол қойды.
- Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Бейбіт Атамқұлов атқарған, ол аталған лауазымнан босатылды.
- Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
- Амангелді Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Ерлік Әли атқарған, ол лауазымынан босатылды.
Еске салайық, Ералы Тоғжанов бұған дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, Ақтөбе облысының әкімі және премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған. Ал Әлібек Бақаев 2023 жылдың тамыз айынан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. Амангелді Саинов 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшісін ауыстырды