Тікелей эфир

Енді балаларды міндетті медициналық сақтандыру арқылы сүндеттеуге болады

Соның арқасында кейінгі жарты жылда 15 мыңнан астам ота жасалыпты.

Енді балаларды міндетті медициналық сақтандыру арқылы сүндеттеуге болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мұндай өзгерісті 2024 жылдың басында Әзірбайжан билігі енгізген.

Соның арқасында кейінгі жарты жылда 15 мыңнан астам ота жасалыпты. Жауаптылар мұндай қадамға балалардың денсаулығына алаңдаған соң барған екен.

Өйткені Әзірбайжанда діни ғұрыпты өткізу құны тым қымбаттаған. Бір операция бағасы 200 манат. Бұл шамамен 100 доллар.

Сондықтан тұрғындар заңсыз жұмыс істейтін дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған.

Серіктестер жаңалықтары