USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы. Онда халықтың 80%-ы қала тұрғындары

Урбанизацияның әлемдік тренді Қазақстанда да байқалады

2021 жылы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті. Дәлірек 56,1 пайыздан 61,2 пайызға дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9 пайыздан 38,8 пайызға дейін азайды, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы. 

Қала халқының саны 2,7 миллионнан астам адамға артты. Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды. 

"Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% қала тұрғындары. Бұл – 1 миллионнан астам адам. Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн адам тұрды, елорда халқы 12 жылда 2 есе өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындарының саны 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанның екі өңірінде ғана әйелдерге қарағанда ерлер көп. Ол – Қызылорда мен Түркістан облысы


Айта кетейік, екі санақ аралығындағы кезеңде аталған қалалардың әрқайсысында қосымша бір-бір ауданнан құрылды. 

Халқы 50 мыңнан 99,9 мың адамға дейінгі қалалар саны 8-ден 14 бірлікке дейін өсті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау