Тікелей эфир

Қазақстанның екі өңірінде ғана әйелдерге қарағанда ерлер көп. Ол – Қызылорда мен Түркістан облысы

Керісінше 36 жасқа дейінгі ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп.

Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға, дәлірек 536,3 мың адамға артық болды. Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам), делінген ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратта. 

Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 миллионға артты. Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.

"Демография ерекшеліктеріне байланысты 36 жасқа дейінгі ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп, содан кейін ғана олардың саны ара-қатынасқа салғанда азая бастайды (36 жастан асқан әйелдер саны 736 мың адамға көп). Бұл ретте ерлер мен әйелдердің ара-қатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: 49% қазақстандық бір жыл ішінде материалдық жағдайы жақсарады деп сенеді – зерттеу


Алдыңғы санаққа қарағанда 15-19 жас және 20-24 жас аралығындағы әйелдер мен ерлердің саны азайғанына назар аударуға болады. Бұл 2009 жылғы халық санағы кезінде 20-24 жас аралығындағы топта туудың ең жоғары кезеңінде – 1980 жылдардың екінші жартысында туылған ұрпақтың болуымен байланысты. 

"Ал 2021 жылы бұл жас тобын 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында дүниеге келген туу көрсеткіші төмен болған ұрпақ алмастырды. Сол сияқты 15-19 жас санаты бойынша 2002-2006 жылы туылған ұрпақ 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы ұрпаққа қарағанда аз", – делінген хабарламада. 

2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55-59, 60-64 және 65-69 жастағы ер адамдар саны сәйкесінше 50,2%, 117% және 69,5% айтарлықтай өсті. Осы жастағы әйелдер саны да 2009-ға қарағанда сәйкесінше 38%, 105,9% және 58,3% өскен. Аталған жас тобындағы халықтың өсуі орташа өмір сүру ұзақтығының артуымен, өмір сүру жағдайларының жақсаруымен байланысты.


Оқи отырыңыз: Отбасындағы жанжал: Қалай ажырасудың алдын алуға болады?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары