Вице-министр қазір 13 мыңдай Hayat-Vax вакцинасы қалғанын айтты.
Қазақстан өңірлерінде Hayat-Vax, Коронавак вакциналары тапшы. Осы орайда Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов аталған вакциналарды шетелден тағы сатып алу келіссөздерінің жүріп жатқанын хабарлады.
"Елге Hayat-Vax, Коронавак вакциналарының шектеулі компоненті жеткізілді. Келген партияны тура ортасынан бөліп, екі реттен бөліп салуға сақтап отырмыз. Қазіргі кезде 13 мыңдай Hayat-Vax вакцинасы қалды. Осы уақытқа дейін оны 486 мыңнан астам қазақстандық салдырған", – деді Марат Шоранов.
Вице-министр бұған дейін аталған вакциналарды бір рет жеткізуге ғана келісімшарт жасалғанын айтты. Қазір екінші партиясын жеткізу туралы келісімшарт жасалып жатыр. Ал нақты елге қашан жеткізілетіні зауыттың қаншалықты көп өндіретінімен байланысты. Бұдан өзге Шоранов вакцинаның екі компонентінің әртүрлі болуы мүмкін еместігін ескертті.
"Вакцина қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, вакцина салдыру курсын бірдей вакцинамен жүргізу ұсынылды. Сәуір айында ДДСҰ осылай кеңес берді. Сол себепті вакциналарды араластырып салу тәртібін қолдай алмаймыз. Бірақ бұл мәселеге қатысты қандай да бір өзгерістер болса, міндетті түрде хабарлаймыз", – деді ол.
Мұнымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтардың екі таңдауы барын айтты:
- тегін вакцина салдыру;
- вакцина салдырмау, бірақ апта сайын өз ақшасына ПТР тест тапсыру.
Бүгінде тек 12 санаттағы азаматтар тегін ПТР тест тапсыра алады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-