Тікелей эфир

Елена Рыбакина тағы бір маңызды турнирге қатыспайтын болды

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлттық команда үшін маңызды саналатын тағы бір турнирге қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sportarena.kz.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея теннисшілері "Билли Джин Кинг" кубогының плей-офф матчтық кездесуінде бақ сынайды. Кубоктың ресми сайты екі ел құрамаларының өтінімдерін жариялаған.

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасынан Елена Рыбакина көрінбейді, бірақ командаға Зарина Дияс оралған.

Қазақстан құрамасы матчқа Юлия Путинцева (әлемнің 29-шы ракеткасы), Жібек Құламбаева (311), Зарина Дияс (379), Анна Данилинамен (жұптық сында әлемнің 23-ші ракеткасы) шығады.

Ал Оңтүстік Кореяның құрамына Да Ён Бак (324), Со Хён Пак (374), Ку Ён Ву (437), Да Бин Ким (980) кірген.

Ойындар Астанада 16-17 қараша күндері өтеді.

Серіктестер жаңалықтары