USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Елде жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты: олар қай салада еңбек етеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Әйелдер жұмыспен қамтылуы 0,9%-ға өсті.

2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 млн 527,1 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9%-ға көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Статистикаға сәйкес, жұмыспен қамтылған әйелдердің 3 млн 602 мыңы (79,6%) – жалдамалы қызметкерлер, ал 925,1 мыңы (20,4%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

"Әйелдер ең көп еңбек ететін сала – білім беру. Бұл бағытта 902,2 мың әйел жұмыс істейді, бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 19,9%-ын құрайды. Одан кейін көтерме және бөлшек сауда (877,6 мың адам немесе 19,4%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету (426,3 мың адам немесе 9,4%) салалары тұр. Бір жыл ішінде әйелдердің жұмыспен қамтылуы ең көп жылжымайтын мүлікпен операциялар (+25,7%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (+21,9%), көлік және қоймалау (+16,2%) және өнеркәсіп (+7,6%) салаларында өскен", – делінген хабарламада. 

Өңірлер арасында ең жоғары өсім Қарағанды облысында (+7,8%), Ақтөбе облысында (+6,5%), Алматы қаласында (+6,3%) және Түркістан облысында (+6,1%) тіркелді. Сондай-ақ қала тұрғындары арасында жұмыспен қамтылған әйелдер саны жоғары болып, олардың саны 3 млн 8,5 мың адамды құрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау