Әйел студенттердің саны бір жылда 0,7% өсіп, 309 мыңды құрады.
100 студенттің ішінде 13-і қаржылай қиындыққа тап болғандықтан, ҚР жоғарғы оқу орындарынан кетті, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 122 ЖОО жұмыс істейді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда үшеуге аз.
Олардың ішінде 83 университет, 16 академия, 12 институт, жоғары мектептер мен училищелер, 9 ұлттық жоғарғы оқу орны, 2 ұлттық зерттеу университеті бар.
ЖОО-лардың жартысына жуығы елдің үш негізгі мегаполисінде орналасқан.
- Алматыда – 42;
- Нұр-Сұлтан – 15;
- Шымкент – 8.
Облыстар ішінде Қарағандыда – 9, Шығыс Қазақстанда – 7.
2021-2022 оқу жылының басында жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің саны 575,5 мың адамды құрады. Бұл оның алдындағы жылға қарағанда 0,2% аз. Көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Оның алдыңғы жылы 4,6%-ды құраған еді.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары: Оқушылар 7-сыныптан бастап мамандық таңдауы керек
Әйел студенттердің саны бір жылда 0,7% өсіп, 309 мыңды құрады. Олардың үлесі 53,2%-дан 53,7%-ға артты.
2021-2022 оқу жылында оқуға қабылданған студенттердің саны – 4,6%, 159,8 мыңға дейін өсті. Оның алдыңғы жылы көрсеткіш 6,5% қысқарған еді. Алайда оқуды жарты жолдан тастап кеткендер саны екінші жыл қатарынан 100 мың адамнан асып отыр.
- 2019-2020 оқу жылында – 60,7 мың адам;
- 2020-2021 оқу жылында – 115,2 мың адам;
- 2021-2022 оқу жылы – 112,2 мың адам.
Көп жағдайда студенттер оқудың басқа формасына (30,7%) және басқа білім ордаларына ауысқан (20,4%). Сондай-ақ, 15,6%-ы оқуды өз еркімен, тағы 13,1%-ы қаржылай қиындықтарға тап болғаны үшін тоқтатты. Оқу үлгерімі нашар болғандықтан студенттердің 9,2%-ы білім ордасынан кетті және 6,4%-ы оқу ережесін бұзғаны үшін университеттен шығарылды.
Оқи отырыңыз: Жас ұстаздардың 70 пайызы кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігінен қиналады
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-