Жас ұстаздардың 70 пайызы кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігінен қиналады

Қазақстанда мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 жылдық моделі енгізіледі.

Педагогтердің біліктілігін кемінде үш жылда бір рет арттыру нормасын енгізу бойынша заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы Сенатта қаралып жатыр, деп мәлімдеді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова. 

"Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 жылдық моделін енгізу халықаралық тәжірибеге, TALIS зерттеулерінің нәтижесіне негізделген. Дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, Сингапур, Финляндия сияқты елдерде біліктілікті арттыру жылына кемінде бір рет, ал Ресейде кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Курстарда оқытудан басқа, бұл елдерде педагогтердің біліктілігін арттыру үшін кәсіби қоғамдастықтардағы жұмыс жүйесі, конференцияларға қатысу, үздік педагогтердің сабақтарына қатысу және кәсіби дамудың басқа да нысандары қолданылады", – деді Гүлмира Кәрімова. 

Комитет төрайымының айтуынша, курстарда жаңа педагогикалық технологияларды жақсы меңгерген педагогтердің 5 пайызының курстық оқытудан кейін 1 жыл өткен соң өз практикасында курста оқып, үйренген контентті белсенді пайдалануды тоқтату фактілері байқалады. Бұл факт репродуктивті дағдыларды қалыптастырудан іздеу дағдыларына ауысудың күрделілігін көрсетеді.


Оқи отырыңыз: "Онлайннан" шыға алмай жатқан университеттерге қаржы 2-3 есе аз бөлінеді


Сонымен қатар, Қазақстан әлемнің 48 елімен қатар TALIS халықаралық зерттеуіне қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық педагогтардың 86 пайызы кәсіби даму бойынша іс-шараларға қатысудың педагогикалық практикаға оң әсерін тигізетінін атап өтті.

"Педагогикалық қызметті жаңадан бастаған мұғалімдердің шамамен 70 пайызы кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігіне, мектеп ортасына бейімделуге байланысты қиындықтарға тап болады. Осыған байланысты, жас педагогтер кем дегенде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруды қажет етеді. Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибеде "біліктілікті арттыру" тұжырымдамасы педагогтердің үздіксіз кәсіби даму тұжырымдамасына ауыстырылды. Біліктілікті арттыру жүйесі уақыт талаптарына сәйкес келуі керек болғандықтан, ол үздіксіз сипатта болуы керек", – деді маман. 

Осы орайда, ол педагогтерді үздіксіз дамыту тұжырымдамасының принциптеріне, жетекші білім беру елдерінің сенімді нәтижелеріне, педагогика саласындағы ғылыми теорияларға, халықаралық мониторингтік зерттеулерге сүйене отырып біліктілікті арттыру курстарын кемінде үш жылда бір рет өткізу таңдалғанын атап өтті. 


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: ЖОО ғылыммен айналыспаса, ол – мектеп не колледж болғаны


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары