USD: 483.5 / 486.1
  • EUR: 552.0 / 557.0
  • RUB: 5.99 / 6.11
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Екі салмақта әлем чемпионы болған Эвандер Холифилд Қырғызстанда бокс академиясын ашпақ

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жақында Ыстықкөл жағасында боксшы туралы деректі фильм түсірілімі басталады.

Аты аңызға айналған америкалық боксшы, екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған Эвандер Холифилд Қырғызстанда өзінің бокс академиясын ашуға ниетті. Бұл туралы халықаралық кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бастама Қырғызстандағы кәсіпқой бокс тарихындағы ең ірі халықаралық жобалардың біріне айналуы мүмкін. Академия жас спортшыларды даярлауға, жаттықтырушылар мектебін дамытуға және әлемнің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасуға бағытталады.

Эвандер Холифилд Қырғызстанды бокс дәстүрі қалыптасқан, талантты спортшылары көп әрі кәсіпқой боксты дамытуға әлеуеті жоғары ел ретінде бағалайды. Жобаның нақты форматы, академияның орналасатын жері мен ынтымақтастық мәселелері чемпионның Қырғызстанға сапары кезінде талқыланбақ.

Сонымен қатар сапар аясында Эвандер Холифилд туралы жаңа деректі фильмнің түсірілімі басталады. Болашақ фильмнің бірқатар көріністері Ыстықкөл жағасында түсіріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қырғызстанның көркем табиғаты, таулы аймақтары мен әлемдегі ең ірі биік таулы көлдердің бірі саналатын Ыстықкөл халықаралық жобаға ерекше көрік береді. Бұл фильм Қырғызстанды миллиондаған көрерменге туристік бағыт ретінде ғана емес, кәсіпқой боксты дамытуға үлес қосып жатқан ел ретінде де таныстыруға мүмкіндік береді.

Эвандер Холифилдтің сапары 2026 жылдың 3 шілдесінде Бішкек қаласындағы Жаштык Арена спорт кешенінде өтетін халықаралық кәсіпқой бокс кешіне орайластырылған.

Турнирге Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Таиланд және Кубадан келген спортшылар қатысады. Көрермендерге сегіз кәсіпқой жекпе-жек ұсынылады, оның ішінде екі титулдық кездесу өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз