Біз тәуелсіз әрі Олимпиадалық құндылықтарға адал боламыз – Геннадий Головкин

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
Ол World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды.

World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин Instagram желісінде пост жазып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге уәде берді. 

"Маған World Boxing ұйымын басқару сияқты үлкен жауапкершілік жүктелді. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Мен жолымды әуесқой рингтен бастап, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионы атағына және табысты кәсіпқой мансапқа дейін жеттім. Туған еліме және әрбір қазақстандыққа көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіремін. Бүгін мен жаңа кезеңге қадам басып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге бел будым. Алдымызда тұрған басты мақсат – осы спорт түріне деген сенімді қайтару және оның Олимпиадалық бағдарламада берік сақталуын қамтамасыз ету. Біз тәуелсіз әрі Олимпиадалық құндылықтарға адал боламыз", – деді Геннадий Головкин.

Еске салайық, Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды. Ол халықаралық спорт ұйымын басшылығына сайланған қазақстандық алғашқы азамат. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады

"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", – делінген президенттің құттықтауында.

Серіктестер жаңалықтары