USD: 474.5 / 477.5
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Дүниежүзілік банк елдердің табыс деңгейі бойынша картасын жаңартты. Қазақстан қай орында

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан табысы жөнінен Қытай мен Бразилиямен бір топқа жатқызылған.

Дүниежүзілік банк әлем елдерінің жан басына шаққандағы жалпы табыс (GNI) деңгейі бойынша рейтингін жаңартты. Банк бұл рейтингте мемлекеттерді төрт топқа бөледі. 

Биылғы көрсеткіштерге сәйкес, төмен табысты елдерге жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы 1175 АҚШ долларына дейінгі мемлекеттер енгізілген.

  • Ортадан төмен табысты елдер санатына бұл көрсеткіш 1176 – 4635 доллар аралығында болатын елдер кіреді.
  • Ортадан жоғары табысты елдер тобына 4636 – 14375 доллар аралығындағы мемлекеттер жатқызылған. Қазақстан осы топта.  
  • Ал жоғары табысты елдердің жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы 14 375 АҚШ долларынан жоғары.
Инфографика: Дүниежүзілік банк

Ескерту: Әлем елдерін табысының 1987 жылдан бері қалай өзгергенін Дүниежүзілік банк сайтынан көруге болады. 

Жаңа рейтинг әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі емес екенін көрсетеді.

Мәселен, төмен табысты мемлекеттердің басым бөлігі Батыс және Орталық Африкада орналасқан. Сонымен қатар бұл топқа Йемен, Сирия, Ауғанстан және Солтүстік Корея да енген.

Жоғары табысты елдер қатарына Еуропаның көптеген мемлекеттері, одан бөлек Ресей, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Таяу Шығыстың бірқатар елдері және Латын Америкасындағы Панама, Чили мен Уругвай кірді.

Әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі саналатын Қытай мен Бразилия ортадан жоғары табысты елдер санатына жатқызылды. 

Ал халқы ең көп мемлекет – Үндістан ортадан төмен табысты елдер қатарында қалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау