USD: 470.3 / 473.3
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Қазақстандықтар табысының тең жартысын несие жабуға жұмсап жатыр

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Қазақстанда қарыз көлемі 25 триллион теңгеден асты.

Қазақстандықтардың едәуір бөлігі ай сайынғы табысының қомақты бөлігін несие өтеуге жұмсайды. Ұлттық банктің тапсырысымен жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, кейбір азаматтардың айлығының жартысына дейінгі бөлігі кредит төлеміне кетіп жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Зерттеуге шамамен 1,5 мың адам қатысқан. Оның қорытындысы бойынша респонденттердің 38 пайызы ай сайын несиесіне 100 мың теңгеден астам төлейді. Бұл көп жағдайда азаматтардың жалақысының үштен біріне тең болса, кейбір қарыз алушыларда несие төлемі табыстың 50 пайызына дейін жетеді.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, биыл қазақстандықтардың банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдындағы жалпы берешегі 25 триллион теңгеден асты. Сонымен қатар қарыз алушылардың 76 пайызында екі немесе одан да көп несие бар.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар көбіне тұтынушылық несие рәсімдейді. Соңғы уақытта той өткізуге, саяхатқа шығуға және емделуге несие алатындардың саны артқан. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың айтуынша, қазіргі талап бойынша банктер ай сайынғы төлемі қарыз алушының табысының 50 пайызынан асатын несиені бере алмайды.

Оның сөзінше, Ұлттық банк келесі жылдан бастап несие беру кезінде азаматтың тек табысын ғана емес, басқа да тұрақты шығындарын ескеретін жаңа бағалау тәсілін енгізуді жоспарлап отыр. Мамандар бұл өзгеріс халықтың шамадан тыс қарыздануын азайтуға ықпал етуі мүмкін деп есептейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау