Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты
Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын "Түркі әлемінің мәдени елшісі" атаулы орденімен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін "Түркі әлемінің үздік әртісі" номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Димаш Құдайберген. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Өнер иелерін мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов құттықтап, олардың жетістіктері түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және қазақстандық өнердің халықаралық деңгейде танылуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев марапаттардың маңызына тоқталып, қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің ортақ түркі мәдени кеңістігін нығайтудағы рөлі туралы айтты.

"Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып келеді. Ал, Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің символына айналды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет", – деді ТҮРКСОЙ бас хатшысы.

Самал Еслямова. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Өз кезегінде Димаш Құдайберген марапатты қабылдай отырып, өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың қолдауы екенін атап өтті.

"Өнер адамы үшін ең жоғары марапат – халықтың мойындауы мен қолдауы. Бұл марапатты мен елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюын білдіретін маңызды белгі ретінде қабылдаймын. Бұл марапат жеке өзіме емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет пен ілтипат деп білемін", – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Димаш бұл марапатқа ие болған екінші тұлға. Бұған дейін мұндай атақ Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санджарға берілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз