Тікелей эфир

Самал Еслямова "Айка" фильміндегі рөлі үшін "Ника" жүлдесіне ие болды

Актриса 2018 жылы Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған болатын.

Самал Еслямова Ресей кинематографиялық өнер академиясының ұлттық сыйлығы – "Ника" жүлдесін жеңіп алды. 

"Мәскеуге бара алмадым. Сыйлықты менің орныса фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. Слава болмаса, фильм сәл өзгеше болар еді. Ол локацияларды, артистерді тапты. "Айка" фильміндегі барлық әріптесіме тағы да рахмет айтқым келеді", – деді Самал Еслямова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Самал Еслямова (@samal_yeslyamova)

 

"Айка" – режиссер Сергей Дворцевтің 2018 жылғы драмалық фильмі. Фильм 71 Канн кинофестивалінің басты байқау бағдарламасына қатысып, онда Самал Еслямова "Ең үздік әйел рөлі" жүлдесіне ие болды. 

2018 жылы 10 қарашада "Айка" фильмі Котбуста (Германия) өткен 28 халықаралық кинофестивальде Гран-приді алды. Одан бөлек қазылар алқасының жүлдесімен марапатталды.

2018 жылы 26 қарашада "Айка" фильмі Filmex атты Токио кинофестивалінде  Гран-приді жеңіп алды.

2018 жылы кинокартина "Үздік шетел тіліндегі фильм" номинациясы бойынша "Оскар" тізіміне енді.

2019 жылы 14 ақпанда Ресейде экранға шықты. 

2019 жылдың наурыз айында Гонконгта Азия киноакадемиясы Самал Еслямоваға "Айка" фильміндегі рөлі үшін "Азия Оскары" саналатын "Азияның ең үздік актрисасы" жүлдесін табыстады.

Серіктестер жаңалықтары