"Қазақстан мақтанышы". Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа 37 миллиондық көлік сыйлады

Михаил Шайдоров. Фото: Сәли Сабыров
Михаил Шайдоров. Фото: Сәли Сабыров
Көлік шанағында "Мишабай, жеңісің құтты болсын!" және "Қазақстан мақтанышы" деген жазулар бар.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, су жаңа автокөлік тарту етті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Qumash–парақшасында Милан мен Кортинада өткен қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазына арналған көліктің суреттері жарияланды. Қара түсті Hyundai Palisade ұлттық нақыштағы графикамен безендірілген. Көлік шанағында "Мишабай, жеңісің құтты болсын!" және "Қазақстан мақтанышы" деген жазулар бар. 

Айта кетейік, Hyundai Palisade көлігінің люкс жиынтықтағы орташа бағасы 37,3–37,8 миллион теңге аралығында.

Еске салайық, 13 ақпанда ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров сенсациялық түрде Олимпиада чемпионы атанған еді. Ол өз бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді пайдаланған. Сол күні әнші спортшыға видеоүндеу жолдап, оған темір тұлпар сыйлайтынын мәлімдеген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз