Алматыда DAR компаниялар тобының 10 жылдық мерейтойында компанияның негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов шағын, орта және ірі бизнеске арналған Darlean отандық флагман ERP-жүйесінің сатылымға шыққанын мәлімдеді.
Darlean нарыққа шығарылғанша мұндай цифрлы технологияларды тек ірі бизнестер ғана қолдана алатын. Darlean компаниялар мен басшыларға уақытын 50 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұны компанияның custdev зерттеулері растайды.
"Біз әуел бастан менеджерлерге уақытын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін шешім ұсынуды көздедік, енді Darlean арқылы бұған дейін қайталанатын қиын жұмыстарға жұмсаған уақытыңызды Darlean арқылы 50%-ға дейін үнемдей алатыныңызды үлкен сеніммен айта аламыз. Darlean көмегімен үлкен мекемелер қолданатын технологияларды шағын және орта бизнеске де ыңғайлап, осылайша бизнесті автоматтандыруға арналған танымал құралдарға қолжетімділікті арттырамыз. Қазір Darlean-ге балама жүйе жоқ. Бұл қазақстандық компаниялардың топтық құрылымының ерекшелігін ескеріп, қазақстандық кәсіпкерлердің қажеттілігі негізінде жасалған ERP-жүйе. Платформаны үлкен масштабта іске қосып жатырмыз және қазақстандықтар жасаған Darlean-ді әлемнің басқа елдерінде де іске қосатынымызды мақтанышпен айтқым келеді", – деді DAR компаниялар тобының негізін қалаушысы Әлидар Өтемұратов.
Darlean-нің жаңа атауы жасақтаушылардың тек Қазақстанмен шектелмей, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия мен араб елдерінің нарығына шығу жоспарын айқындайды. Darlean аталған аймақтарда да кәсіпкерлерге рационал өндіріс пен көзге көрінбейтін шығынсыз басқару жолында технологиялық көмек көрсете алады.
Индонезия мен Қазақстан нарығында бұған дейін 5Qit атауымен жарық көрген қазақстандық шешім шағын және орта бизнеске бизнес процестерді автоматтандыру мен жоспарлауға көмектеседі. 2023 жылы іске қосылған пилот жобаға 15 ақпанда бір жыл толатынын айта кеткен жөн. Осы уақыт аралығында Darlean жүйесін шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін 600 қызметкер пайдалана бастады.
"Цифрлы платформаның жаңартылған функционалында кездесу хаттамаларымен жұмыс істей алатын, жетекшілерді бизнестің барлық саласынан хабардар етіп отыратын, ақпаратты бірден сараптайтын, іс-шараларды бақылап отыратын ЖИ көмекші бар. Darlean-де қағазбастылықты азайтып, құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қою қарастырылған. Енді сіз құжаттарға электрон қол қоя аласыз, бұл функция кадр іс-қағазын жүргізу мен құқықтық-қаржы процестері бойынша заң талаптарына сай. Отандық өнімге сенім қолданушыларымызға үздік әлемдік ІТ шешімдер ұсынып, одан әрі дамуға жетелейді", – дейді DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.
ERP-жүйенің кез келген саланың жұмыс процесін құруға мүмкіндігі бар, ал Darlean сарапшылары онбордиң мен тұтынушыларға әрі қарай жұмыс істеу, әкімшілерді дайындау бойынша қолдау көрсетеді. Darlean-нің барлық функционалы дерлік desktop үшін де, телефон үшін де ыңғайлы етіп жасалған. ІТ шешімдер SaaS, On-premise форматтарында ұсынылады.
Darlean сарапшыларымен тегін демо кездесуге жазылып немесе бизнеске арналған серіктестік кездесулеріне қатысып, толық ақпарат ала аласыз. Кездесулер туралы анонс әлеуметтік желілерде жарияланады.