USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

"Дәптерге қайтадан баға қойылады". Оқу министрі білімді бағалаудың жаңа тәртібі туралы

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайты
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің сайты
Қазіргі таңда оқушылардың білімін бағалаудың нақты критерийлері айқындалып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептің бастауыш сыныбынан БЖБ және ТЖБ сынақтарын алып тастауға байланысты қандай басқа да өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұғалімдер бұрынғыша оқушының дәптерін тексеріп, бағалауға кіріседі.

"Қазақ тілінде диктант, мазмұндама, шығарманы, сонымен қатар жалпы шығармашылық жұмыстарды, математикадан бақылау жұмысын қайта енгізіп жатырмыз. Енді баланың дәптерінің өзіндік бағасы болады. Яғни, бұрынғыдай ол тек ақ парақтарға шығармайды, бала дәптерге жазады. Мұғалім сол дәптерді тексереді. Қазір бұл бағалау жұмыстарының критерийлері айқындалып жатыр", – деді министр. 

Критерийлерді Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында құрылып жатқан жаңа арнайы бөлім айқындайды. Бұл – бұған дейін болмаған, мүлде жаңа құрылым.  

"Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап бастауыштың бағалау жүйесінен модерация ұғымы алынып тасталады. Өйткені, біздің негізгі мақсатымыз мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету. Бұған дейін біз модерация формалды түрде жүзеге асып, мұғалімдерге шамадан тыс жүктеме бергенін көріп отырмыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салайық, Ашық НҚА порталында мектептің бастауыш сыныптарынан бөлім жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау сынақтарын алып тастау бойынша оқу-ағарту министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу мәселесі онлайн талқылауға ұсынылды. Талқылау 21 тамызға дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау