1 жасқа дейінгі балалар проактив бақылау және скринингпен қамтылады.
Ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық көмек түрі 3 есеге дейін ұлғаяды. Осылайша, оларға көмек көрсету бойынша көрсеткіш 18%-дан 60%-ға дейін өседі, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
"Ұлттық жобаға жалпы 3,6 трлн теңге бөлінді. Ол төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасымен, екінші бағыт – эпидемиологиялық болжам жасау және осы болжамға сай әрекет етумен, үшінші бағыт – отандық фармацевтикалық саланың дамуымен, төртінші бағыт спортпен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар санын арттырумен байланысты болмақ. Осылайша, біз медициналық қызмет сапасына көңілі толатын тұрғындар санын 80%-ға жеткіземіз, ауылдық жерлерді 100% алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарымен қамтимыз, 40 денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми орталықты қайта қалпына келтіреміз деп жоспарлап отырмыз", – деді Алексей Цой.
Әрі қарай министр жүкті әйелдер мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. Осы орайда, біріншіден, жүкті әйелдер босанғанға дейін жеке және диспансерлік бақылауда болатынын, екіншіден, 1 жасқа дейінгі балалардың проактив бақылау және скринингпен қамтылатынын айтты.
"Үшіншіден, қосымша 8 балаларды оңалту және 8 өңірде 2 ерте көмек көрсету орталығын құрамыз. Бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмектің 3 есе көп көрсетілуіне әсер етеді. Оларға арналған көмек түрі 18%-дан 60%-ға дейін өседі. Сапалы медициналық көмек көрсету мамандардың біліктілік деңгейіне тікелей байланысты. Осы мақсатта аса қажет мамандар тапшылығын жою үшін резидентура грантының санын 3800-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Салыстырмалы түрде биыл 1500 грант бөлінген еді. Мұнымен қатар, 2025 жылға қарай 156 маманды әлемнің алдыңғы қатардағы орталықтарында оқыту жоспарланып отыр", – деп қосты Цой.
Мұнымен қатар, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов елде салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар санын 2025 жылға дейін қандай жолмен көбейтуді жоспарлап отырғанын бөлісті.
"Қазақстандықтардың 31,6%-ы спортпен шұғылданады. Осы көрсеткішті 50%-ға жеткізу үшін бірінші кезекте дене шынықтыру орталықтарын саламыз. Екіншіден, жан басына қаржыландыру механизмі бойынша спорт секциялары көптеп ашылады. Әсіресе, жергілікті жерлерде спорт секцияларының саны айтарлықтай көбейетін болады. Сондай-ақ, республика бойынша, спортпен байланысты іс-шаралар санын арттырамыз", – деп сендірді Нұрқиса Дәуешов.
Еске салсақ, ел ғалымдарының терең жаралар мен күйіктерді емдейтін құралдар әзірлегені туралы хабарлаған едік. Олардың қатарында X-Graft жабыны, "Фиброспрей" жасушалық препараты, биокомпозитті жасушалық гидрогель бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
392
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
344
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
324
-
0
-
1
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
342
-
0
-
1
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
313
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
301
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
280
-
0
-
4
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
315
-
0
-
4
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
318
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
308
-
0
-
0
-