Тікелей эфир

Былтыр Қазақстанға қанша шетелдік турист келді

Орналастыру орындары 229 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті.

2023 жылы Қазақстанға 9,6 миллион шетелдік турист келді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Ел ішінде саяхаттаған Қазақстан азаматтарының саны да 1 миллионға артты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша отандық саяхатшылардың саны 9,6 миллион адамды құрады.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, туризмнің негізгі көрсеткіштері бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Орналастыру орындары 229 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,3 есе көп. Туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 миллиард теңгені құрады, 2022 жылғы көрсеткіштен 64 миллиард теңгеге артық", – деді Нұртас Кәріпбаев.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары