Тікелей эфир

Қажылық 2024: Сауд Арабиясы қажылықты туристік сапармен шатастырмауға шақырды

2024 жылы Қазақстаннан 5081 адам үлкен қажылыққа барады.

Сауд Арабия Корольдігіне жұмыс сапарымен барған Қазақстан қажылық миссиясы бірқатар мекеме басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, биыл Қазақстаннан 5081 адам үлкен қажылыққа барады. Олар 5-10 маусым аралығында Саудияға барып, 23-28 маусым аралығында елге оралады деп жоспарланып отыр.

Сауд Арабиясының өкілдері қажылық құлшылығын ешқандай туристік сапармен шатастырмай, әр қажының ғибадат ретінде қажылықтың шариғи талаптарын орындауы тиіс екеніне назар аударды. 


Оқи отырыңыз: Қадір түні – 2024: Қасиетті түнді қалай өткізген абзал


Еске салайық, Қажылық маусымында туроператор ҚР азаматтарын сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтары негізінде САК жеріне ҚМДБ бөлген қажылық орындары бойынша ғана азаматтарды алып бара алады. Қажылық орындарынан тыс адам апару екі ел арасындағы қажылық келісімшартын бұзған болып саналады.

2024 жылы 16 туроператор қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қызмет көрсету құқығына ие болғаны жарияланды. Демек, конкурстан өткен 16 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Олар: "Хикмет Тревел" ЖШС, "Атлас Туризм" ЖШС, "Қызмет Саяхат" ЖШС, "Tawaf Travel" ЖШС, "Хидаят-Нур" ЖШС, "Nurkhan travel" ЖШС, "Сембекова" ЖШС, "Sanabl kz" ЖШС, "Mina travel" ЖШС, "Ал-Маруа" ЖШС, "Ордабасы – НЖ" ЖШС, "Robinzon kz" ЖШС, "Delta Tour" ЖШС, "Иман Travel Тур" ЖШС, "Dostik travel" ЖШС, "Qazaq Sapar" ЖШС.

Серіктестер жаңалықтары