USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

"Бұл әділ емес". Оқу министрі ТЖБ-ның тоқсандық бағаның жартысына тең екені туралы

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазір Қазақстанда бастауыш сыныптардан БЖБ мен ТЖБ сынақтарын алып тастау мәселесі талқыланып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде мектептегі бастауыш сыныптардан тоқсандық және бөлім жиынтық бағалау сынақтарын алып тастауға қатысты тағы бір негіздемесін ұсынды. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда қолданыстағы жүйе әділ емес. 

"ТЖБ тоқсандық бағаның 50 пайызын құрайды. Ал күнделікті қалыптастырушы бағалау мен БЖБ екеуі қосылып, қалған 50 пайызы береді. Яғни бала күнделікті сабаққа барып, тапсырмаларды орындап, бөлім жиынтық бағалау сынағын жақсы тапсырғанымен, қандай да бір себептермен тоқсандық бағалауда төмен балл алып қалса, онда бұл оның тоқсандық қорытынды бағасына кері әсер етеді. Біздің ойымызша бұл әділетті емес", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Министр бұған дейін бұл мәселе биылғы тамыз кеңесінде талқыланып, шешім шығарылатынын хабарлаған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау