Бүгін доллар аздап қымбаттады

Доллардың орташа бағамы 476,28 теңгені құрап, 0,41 теңгеге өсті.

Қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап өсті.

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 476,28 теңгені құрап, 0,41 теңгеге өсті. Айта кетейік, ұлттық банктің 25-26 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 475,86 теңге болды. 

Kurs.kz дерегі бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы – 476,25 теңге, ал сату – 478,51 теңгеге тең. 


Оқи отырыңыз: "Қазір айына 75 мың ғана алады": сенатор ұлттық парк техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды


Астанада америкалық валютаны орта есеппен 473,96 теңгеге сатып алып, 479,00 теңгеден сатуға болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары