USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

"Бөтелкемен ұрып, шаш жұлған". Алматыда қоғамдық тәртіп бұзған шетелдік жасөспірімдер елден қуылады

Видео скрині
Видео скрині
Жасөспірімдердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматы қаласында полиция қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Тексеру әлеуметтік желілерде тараған видеолардан кейін басталған. Кадрларда бір топ жасөспірімнің қала тұрғындарына агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасағаны көрінеді.

"Аталған деректер бойынша Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тексеру жүргізіп, күдіктілердің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, олар Тәжікстан Республикасының азаматтары. Жасөспірімдер Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше, олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес ел аумағынан шығару шаралары қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта әрбір дерек бойынша тексеру жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесінде жасөспірімдердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау