Бүгін Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай алтын медаль иеленгеннен кейін Қазақстан жалпы есепте сегізінші орынға көтерілді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 11 алтын, 20 күміс және 41 қола медаль бар.
Салыстырар болсақ, 2023 жылы Қазақстан Азиадада 10 алтын медальмен шектелген болатын. Бұл – жалпы Азия ойындарындағы ең төмен көрсеткіш болатын.
Қазақстан биыл өткен жылғы деңгейін жақсартқанымен, оған дейінгі жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда, деңгей төмен қалпын сақтап отыр. Өйткені, соңғы екі Азиадаға дейін Қазақстан 15 алтыннан кем медаль иеленбеген болатын. Ал рекордты көрсеткіш 2014 жылы Инчхонда тіркелді (28 алтын медаль).
Еске салайық, Айчи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Айбек Оралбай Қазақстанға Азия ойындарының бокстан екінші алтынын сыйлады
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарында алтын медаль иеленді