Азия ойындарының финалында қазақстандық екі боксшы ғана рингке шығады

Айбек Оралбай. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Айбек Оралбай. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың қарсыластары белгілі болды.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық екі боксшы – Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай ғана финалға жете алды. Бұған дейін жартылай финалға жолдама алған бес боксшының үшеуі жұдырық бәсекесінде жеңіліс тапты. 

Финалда 70 келі салмақта өнер көрсететін Төрехан Сабырханмен рингке иорданиялық Зейяд Ишаиш шығады. 

Ал 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістіреді. 

Екі финалды да жанкүйерлер 2 қазанда тамашалай алады. 

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан құрамасының бапкерлері бұған дейін биылғы Азия ойындарында алтын медальден үмітті екенін мәлімдеген болатын. Алтын медаль иелену ел құрамасы үшін өте маңызды. Өйткені, бұған дейінгі екі Азия ойындарында ел боксшылары мойнына алтын іле алмады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау