USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Блогер Дархан Жолшыбеков Жанәбіловтер ісі бойынша сотта куәгер ретінде жауап берді

Дархан Жолшыбеков. Фото: darhanzholshybekov Instagram парақшасынан
Дархан Жолшыбеков. Фото: darhanzholshybekov Instagram парақшасынан
Куәгер Жанәбіловтер қандай курс сатумен айналысқанынан бейхабар екенін мәлімдеді.

Астана қаласында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

2026 жылғы 30 наурыздағы сот отырысына куә ретінде блогер Дархан Жолшыбеков қатысты. Оның айтуынша, Жанәбіловтерді 5–6 жылдан бері таниды және белгілі бір кезеңде олармен байланыста болған.

Дархан Жолшыбеков 2024 жылы өзі де электрондық коммерция бойынша курс сатқанын, осыған байланысты 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Алайда бұл жайт бойынша Жанәбіловтердің өзінен сұраған-сұрамағаны есінде жоқ екенін жеткізді.

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев куәнің тергеу кезінде басқа мазмұнда жауап бергенін атап өтті.

Сондай-ақ куә Жанәбіловтер қандай курс сатумен айналысқанынан бейхабар екенін мәлімдеді.

Бұған дейін, 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік істі қараған. Сот заңсыз лотерея өткізу дерегі бойынша істі тоқтатып, қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты материалдарды Қаржы мониторингі агенттігі қарауына жолдаған.

Ведомство мәліметінше, Instagram желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты сенімге кіріп, заңсыз табыс табу мақсатында әрекет еткен болуы мүмкін.

Іс материалдарына сәйкес, Ерболат Жанәбілов иелігіндегі 2024 жылғы Lamborghini Urus көлігінің құны 237 млн теңге болса, Эльмира Төлегенова мінетін Lexus LX 600 автокөлігі 78 млн теңгеге бағаланған. Қазіргі уақытта іс бойынша сот тыңдауы жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз