"Біз үшін өліп пе?" Аза тұту күні TikTok желісінде тәртіп тұзған тұрғынға сот үкімі шықты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ауызына ие болмаған Шымкент тұрғыны енді он тәулік өмірін қамауда өткізеді.

25 қыркүйек – Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға құрбандарын аза тұту күні TikTok желісіндегі тікелей эфирде әдепсіз сөздер айтқан Шымкент қаласының тұрғыны Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент полициясы хабарлады. 

"Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – делінген ресми хабарламада. 

Сонымен қатар, тікелей эфирге қатысқан үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылып, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау