25 қыркүйек – Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға құрбандарын аза тұту күні TikTok желісіндегі тікелей эфирде әдепсіз сөздер айтқан Шымкент қаласының тұрғыны Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент полициясы хабарлады.
"Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, тікелей эфирге қатысқан үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылып, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.
Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қазақстандағы жалпыұлттық аза тұту: соңғы жылдардағы ең ірі қайғылы оқиғалар