Тікелей эфир

Бір отбасының балалары Ұлттық қордан жиналған қаражатты "Отбасы банкіндегі" ортақ депозитке аудара алады

"Біз мұндай мүмкіндіктерді қарастырамыз, – деді Қаржы вице-министрі.

Бірнеше баланың Ұлттық қордағы жинақтарын "Отбасы банкіндегі" бір депозиттік шотқа аудару арқылы біріктіруге болады, деп хабарлады қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Мәжілісте.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев кәмелеттік жасқа толған балалар Ұлттық қордан ақшалай қаражатты аға-әпкелерінің есепшотына аудара ала ма деп сұрады.

"Бір жанұяда бірнеше бала бар делік. Ең үлкені 17 жаста, Ұлттық қордан 200 доллар алады. Бұл ақша оқуға да, баспанаға да жетпейді. Оның ақшасын іні-қарындастардың есептеріне аударуға бола ма?", – деп сұрады депутат.


Оқи отырыңыз: Ұлттық қор – балаларға: 16 жастағы балалар шотындағы қаражатты колледжде оқу үшін пайдалана ала ма?


Дәурен Темірбеков бір отбасының балаларының қаражатын бірыңғай тұрғын үй депозитіне салуға болатынын атап өтті.

"Егер бір отбасындағы бірнеше бала Ұлттық қордан 18 жасқа толғанда төлем алған болса, олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салым бойынша ақша аударуға құқылы. Бір депозитте бір отбасындағы үш-төрт балаға дейінгі төлемдер болуы мүмкін. Яғни, бұл қаражат бір мақсатқа – пәтер сатып алуға бағытталған. Біз мұндай мүмкіндіктерді қарастырамыз, – деді Қаржы вице-министрі.

Серіктестер жаңалықтары