Сондай-ақ, ҰБТ нәтижелері бойынша колледждерге қабылдау мәселесі пысықталып жатыр.
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жоғары білім беру сапасын арттыруда алда атқарылатын шаралар жоспарымен әлеуметтік желіде таныстырып өтті.
Оның жазуынша, 2025 жылға қарай техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға баса назар аудара отырып, гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Техникалық және IT бағыттарға гранттар 40%-дан 60%-ға дейін өседі.
"Маңғыстау және Атырау облыстарының мектеп түлектеріне гранттар бөлу жоспарланып отыр. Гранттар бөлу арқылы жастар мен талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ "Еркін грантты" енгізу жоспарлануда. 2025 жылға қарай студенттерге, магистранттар мен докторанттарға стипендия мөлшері 1,5 есе өседі", – деп жазды Қуаныш Ерғалиев.
Оқи отырыңыз: "Болашақтан" басқа қандай бағдарламалармен шетелде тегін жоғары білім алуға болады?
Сонымен бірге, 2023 жылға қарай стандартталған тестілеуді енгізу арқылы жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімі жаңғыртылып жатыр. Талапкерлерді қабылдау сапасын жақсарту үшін 2022 жылы "педагогикалық ғылымдарға" шекті балл - 80 балға, "құқыққа" - 75 балға (2021 жылы – 50 балға) дейін көтеріледі.
ҰБТ нәтижелері бойынша колледждерге қабылдау мәселесі пысықталуда. Жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау кезінде өз емтиханын өткізу мүмкіндігі беріледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-