Бектенов 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу туралы жауап берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкімет заңға енгізу мақсатында әзірлеген түзетулер Құрылтайдың қарауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылтай депутаттарының сауалына орай, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу туралы жауап берді. 

Үкімет басшысының айтуынша, он алты жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуді реттеуге байланысты заңға енгізілуі тиіс түзетілер әзірленіп, Құрылтайдың қарауына ұсынылған.  

"Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін онлайн-платформаны пайдаланушылардың жасын растаудың арнайы қағидалары әзірленеді (жауапты мемлекеттік органдар – Мәдениет және ақпарат, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері). Әзірлеу барысында онлайн-платформалардың қолданылып жүрген тетіктері, жасанды интеллект көмегімен сәйкестендіру, қаралатын контент пен пайдаланушының белсенділігі ескеріледі. Бүгінгі таңда онлайн-платформаларда тиісті технологиялық мүмкіндіктер бар", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында. 

Заң қабылданған жағдайда оны жүзеге асыру үшін белгілі бір уақыт қажет болады. Бұл өтпелі кезеңде 16 жасқа дейінгі онлайн-платформаны пайдаланушылардың қолданыстағы аккаунттары уақытша тоқтатылады. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау