Тікелей эфир

Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Ол екінші айналымда чехиялық Томаш Махачты жеңді.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Бейбіт Жұқаев. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.

Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты. 

Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің жиырма алтыншы, осы жарыстың үшінші ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен кездеседі.


Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Freedom Экожүйесі: Бір бренд – мыңдаған мүмкіндіктер. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары