Қазақстанның екінші, әлемнің алпыс бірінші ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Шевченко айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде Карацев тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші сетте Шевченко таразы басын өзіне аудара алды – 7:5.
Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты матчта Шевченко 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.
Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.
Оқи отырыңыз: Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді