Бастауыш сынып оқушылары диктант пен бақылау жұмысын жазады. Қанша балл жинау қажет

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

23-30 қыркүйекте 2-4-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың бұл екі түрі бір-бірін толықтырады және оқу процесі барысында қатар қолданылады. Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты: 

  • қазақ тілі немесе орыс тілі – диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Оқушының мәтінді сауатты жазуы және оның мазмұнын түсінуі бағаланады; 
  • әдебиеттік оқу – шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу ескеріледі; 
  • математика – бақылау жұмысы. Есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсіну, шешу жолын дұрыс таңдау және жауабын негіздей алу бағаланады. 

Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы – 40 минут. 

Ең жоғары балл: 

  • 2-сыныпта – 12 балл;
  • 3-сыныпта – 14 балл;
  • 4-сыныпта – 16 балл. 

Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Нәтиже 1-10 балдық шәкіл бойынша бағаланады. 

Каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі балды төмендетуге негіз болмайды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау