Тікелей эфир

Бас прокуратура: Энергетика министрлігі жобаны инвесторға бекітуді кешіктірді

Бұл үшін министрліктің бір департаментінің директоры жазаланды.

Бас прокуратура ҚР Энергетика министрлігінің департаменті инвестициялық жобаны бекітуді кешіктіріп отырған фактіні анықтады, деп хабарлайды қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі.

Бас прокуратура «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысында метанол өндіру бойынша газ-химия кешенін салу жобасын жүзеге асырушы отандық инвестордың мәселесін анықтады.

"Энергетика министрлігі заңнама талаптарын бұза отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша инвестициялық келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу үшін комиссия құруды 60 күнге кешіктірген бұзушылықтар үшін министрлік тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Неліктен Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейтуді қолдамады?


Прокурорлар еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілген. Прокурорлар инвесторларға қатысты 218 проблемалық істі шешіп үлгерді.

Серіктестер жаңалықтары