Банкте кепілдікте пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылады

Бұл шара Жер кодексінің 92, 93-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Банкте кепілдікте пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері мемлекетке қайтару жұмысы күшейеді. 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.

Бас инспектор жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейлі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ, олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы, пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою шараларын күшейтуді тапсырды.

Маманның мәліметінше, Жер кодексінің 92, 93-баптарына сәйкес, бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталғаннан кейін, бір жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаса, мемлекет мәжбүрлі түрде алып қоюға құқылы. Ал екінші деңгейлі банктердің кепілінде тұрған жерлерді банк меншік құқығына ие болғаннан кейін 6 ай ішінде мәжбүрлі түрде ала алады.


Оқи отырыңыз: 


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары