Тікелей эфир

Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді 2027 жылға дейін ұзартатын заң жобасы Мемлекет басшысына жолданды

Ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынады.

Сенат депутаттары Жер комиссиясы қызметінің нәтижелері бойынша әзірленген заң қабылдады. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, жерді жалға алуға Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің қатысы жоқ заңды тұлғалар ғана мүмкіндік алады, ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынады.

Заңда сонымен қатар конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жазылған. Енді тым үлкен учаскелерді конкурсқа шығаруға тыйым салынады. Ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурсқа қатысқан кезде ауылда кемінде 5 жыл тұрған ауыл тұрғындары артықшылыққа ие болады, оларға байқаудағы жеңіске әсер ететін қосымша ұпай есептеледі.


Оқи отырыңыз: Бақытжан Базарбек: әкімдер жер комиссиясының шешімдерімен өз қылмыстық іс-әрекеттерін бүркемелейді


Заңның тағы бір жаңалығы – жайылым тапшы болған ауыл тұрғындарының проблемаларын шешуі тиіс. Сенаторлар бекіткен құжатта жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарда көрсетілген және жеке ауладағы малды жаюға қажетті жайылымдарды жеке меншікке беруге және жерді пайдалануға тыйым салу туралы жазылған.

"Бұл заңда жердi қорғауға, оны ұтымды және мақсатты пайдалануға арналған жаңа нормалар қарастырылған. Соған сәйкес Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру жөнінде Жер кодексіндегі нормалардың қолданылуына мораторий ұзартылады. Құжатқа жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа нормалар да енгізілді", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары