Мектепке дайын 6 жасқа толған баланың тоғыз қасиеті нормативтік құжатта көрсетілген.
Еліміздегі статистика бойынша, 82-85 пайыз бала 6 жастан бастап 1-сыныпта оқиды. Бұл туралы балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова мәлімдеді.
Мектепке баратын баланың бойында қалыптасқан қасиеттер мен дайындығы туралы нормативтік құжатта жазылған.
"Стандарттың 21-тармағында мектепке дайын 6 жасқа толған баланың тоғыз қасиеті көрсетілген. Олар: физикалық дайындығы, білімге құштарлығы, бастамашылдығы, табандылығы, қарым-қатынасқа түсуге белсенділігі, сөйлеу тілінің өз дәрежесінде дамуы және көпшілік ортаға бейімделе алуы, өзіне сенімдігілі, топпен жұмыс жасауға қабілеттілігі, эмоцианалды белсенділігі. Осы қасиеттерді 1-5 жастағы баланың бойында дамытуымыз керек," – деді Манара Адамова.
Оқи отырыңыз: Баланы мектепке дайындағанда нені ескерген жөн? Ата-анаға пайдалы кеңес
Әлемде 204 мемлекеттің 79,4 пайызында мектепте оқу 6 жастан басталады.
"Бүгінгі таңда балалардың дамуына қарайтын болсақ, жалпы олар туғаннан бастап цифрлық әлемдегі өте көп ақпаратты ерте жастан бастап қабылдайды. Сондықтан олардың бойында жоғарыда көрсетілген қасиеттерді қалыптастырып, мектепке 6 жастан берген дұрыс. Ата-ана 5 жасқа дейін өмірге қажетті дағдыларын қалыптастырған болса, 6 жаста мектепке беруге болады. Ал оған дейін баламен жұмыс істемесе, көңіл бөлмесе, баланы 7-8 жаста мектепке берсе де маңызы болмайды. Сондықтан да, ең маңызды мәселе – ерте дамытуға ата-аналардың назарын бұру," – деді Манара Адамова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
258
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
253
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
257
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
255
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
249
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
249
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
247
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
241
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
226
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
222
-
1
-
5
-