Бала санының көптігінен мұғалімдер жиналысты сыртқа шығып өткізеді.
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек ауылында 37 балаға арналған бастауыш мектепте 137 бала оқиды. Мұғалімдер бөлмесі де балалардың көптігінен сыныпқа айналған. Ұстаздар жиналысты сыртқа шығып өткізеді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі хабарлады.
Ата-аналардың айтуынша, сыныптың жетіспеуінен қыз бен ұл бір жерде шешініп, киінеді.
"Дене шынықтыру сабағы өткізілмейді. Оған арнайы спортзал жоқ. Асхана жайлы мүлде айтудың қажеті жоқ", – деді Еңбек ауылының тұрғыны Гүлдана Қуатбекова.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы лицензиясыз жұмыс істеген 32 мектепке айыппұл салынды
Балтабай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Cәуле Әліпованың айтуынша, бұл жер Өрнек ауылына белгіленген.
"Құжаттар дайын. Біз өз тарапымыздан іс-шараны атқардық, мемлекеттік акт жасадық", – деді Балтабай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Cәуле Әліпова.
Ауылдағы тұрғындар баласын шамасы келсе, көрші Еңбек ауылына оқытады. Алайда, мұнда да мектеп жабдықтары ескі, өрт сөндіру құралдарының мерзімі өткен.
"Бұл мәселені баяғыдан қозғап келеміз. Бала саны көп. Ең соңғы сабақ сағат 19:10-да аяқталады. Сол кезде балалардың үйіне қатынауы өте қиын. Мұғалімдер тарапынан екіге бөлінетін сабақтарға еңбек, орыс тіліне кабинет жетіспейді", – деді "Еңбек орта мектебі" КММ директорының орынбасары Бану Жанаева.
Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі берген мәлімет бойынша, ауданда 16 мектеп салу жоспарда бар. Қазіргі таңда бесеуінің құжаты аяқталып, құрылысы басталады. Алайда бұл тізімге Өрнек пен Еңбек аулының мектептері енбеген.
"Өрнек ауылына мектеп салу үшін 180 орындық жер телімін сұраған болатынбыз. Жер телімі дайын болған соң, облыстық білім басқармасына мектеп салуға сұраныс берілді. Ал Еңбек ауылына қатысты айтатын болсақ, Ақтоғандағы бейімделген мектеп қой. Ол ауылға тағы да 320 орынға жапсаржай құрылысын салуға тапсырыс берілді", – деді Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрқалымов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
271
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
249
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
261
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
262
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
265
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
265
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
250
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
262
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
248
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
246
-
0
-
0
-