Тікелей эфир

Балалар өгей әкемен бірге тұратын отбасылар тексеріледі

Құзырлы органдар тексерісті "Е-превенция" жаңа жобасы арқылы іске асырмақ.

Бас прокуратура өкілдері кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін өгей әкесімен тұратын балалардың отбасыларын тексеріп отыратынын айтты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құзырлы органдар тексерісті "Е-превенция" жаңа жобасы арқылы іске асырмақ. Электронды бағдарлама арқылы көп балалы және балалары өгей әкесімен бірге тұратын отбасылардың тұрмысы алдын ала зерттеледі. Яғни, жасөспірімдердің өмір сүру жағдайы, бос уақыты мен білім алу мүмкіндіктері туралы мәліметтер толық жинақталады.

Ақпаратты полицейлер, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер ұсынуы тиіс. Әзірге жаңа жоба Астана мен Ақтөбе обылысында сынақ ретінде іске қосылған.


Оқи отырыңыз: "Ана сүтін ештеңе алмастыра алмайды". Бала емізудің пайдасы жөнінде маман кеңестері.


 

Серіктестер жаңалықтары