Комитет төрағасының айтуынша, лицензия беру – толық автоматтандырылған мемлекеттік қызмет.
Балабақшаларды лицензиялауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
"Лицензия беру – мемлекеттік қызмет. Ол толық автоматтандырылған және бұл жерде лицензиатпен тікелей іс-қимыл жоқ. Бұл тек қана рұқсаттық бақылау жүргізген кезде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді", – деп түсіндірді комитет төрағасы.
Сонымен қатар Гүлзат Көбенова балабақшаларды лицензиялау тәжірибесі көптеген мемлекетте бар екенін атап өтті.
"Германияда барлық балабақша лицензияланады. Тек қана федералдық аумақтар бойынша бұл талаптар ерекшеленуі мүмкін. Канада, АҚШ, Португалия, Ресейде де балабақшалар лицензияланады. Ал Қырғызстанда жекеменшік балабақшалар лицензия алып, жұмысын жүргізеді", – деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, Қазақстанда балабақшаларды лицензиялау 2024 жылы басталады.
Жоспар бойынша бұл жұмыс кезең-кезеңімен басталады.
- Алдымен жаңадан ашылған балабақшалар лицензиялауға жатады. Комитет төрағасының айтуынша, орта есеппен бір жылда 200 балабақша ашылуы мүмкін.
- Екінші кезекте мемлекеттік аттестациядан екі мүмкіндікте де өте аламаған балабақшалар лицензиялаудан өтеді.
- Үшінші сатыда тәуекелдерге қарай талдау жасалады. Қай балабақшаларда тәуекел жоғары – сол ұйымдар лицензияланатын болады.
Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту вице-министрі: Лицензиялау балабақшаларды жабуға әкелмейді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады
-
470
-
0
-
2
-
-
2Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды
-
416
-
0
-
2
-
-
3📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ
-
402
-
0
-
1
-
-
4«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
-
389
-
0
-
2
-
-
52023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
-
376
-
0
-
4
-
-
6🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді
-
371
-
0
-
11
-
-
7Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты
-
356
-
0
-
1
-
-
830 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
364
-
0
-
3
-
-
9АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?
-
385
-
0
-
1
-
-
10Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
-
413
-
0
-
2
-