Тоқаев мемлекет жылдан жылға балаларды қорғау бағытындағы жұмысты күшейте түсетінін атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін атап өтті.
"Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған. "Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол сонымен бірге мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсетініне тоқталды. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала санына қарай жәрдемақы төлеу бала туу көрсеткішіне қалай әсер етті?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
295
-
0
-
0
-
-
2👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
289
-
0
-
0
-
-
3🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
288
-
0
-
0
-
-
4🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
310
-
0
-
0
-
-
5⛽️ Шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
-
313
-
2
-
2
-
-
6🚭Қазақстанда вейп-өнімнің айналымына толықтай тыйым салынуы мүмкін
-
307
-
0
-
1
-
-
7👨⚖️ Депутат Жигули Дайрабаев сотта жеңілді
-
293
-
0
-
1
-
-
8🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
234
-
0
-
0
-
-
9📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
219
-
0
-
1
-
-
10🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
234
-
0
-
0
-