Министр мектепке қажет материалдардың да цифрландырылатынын айтты.
Ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін диагностика цифрлық форматта жүргізіледі. Алдағы 5 жылда дәрігерлер алдына келген науқастың ауру тарихын, оған тағайындалған дәрі-дәрмек тізімін кез келген қалада отырып көре алады, деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
"Қарапайым сөзбен түсіндіретін болсам, әрбір азаматтың смартфонында өзі туралы мемлекеттік базада жинақталған ақпарат болады. Бұл әрі-бері қағаз тасып жүрмеу үшін қажет. Бүгінгі таңда ата-әжелеріміз, кез келген азамат өзімен бірге түрлі анализ бен МРТ қағаздарын алып жүруге мәжбүр. Осы проблеманы шешу үшін азаматтың ауру тарихы, тағайындалған дәрі және медициналық сақтандыру бойынша ақпарат базаға енгізіледі.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда ауылдық жерлерде медицина мен жалпы білім беру жүйесінің сапасы төмендеу. Өйткені, алда білікті ұстаздардың болуы және оларды сол жерлерге алып бару мәселесі тұрады. Осы орайда, медицина мәселелерін шешу үшін диагностиканы цифрлық форматта жүргізу қажет. Ол не? Мысалы, бірнеше өңірде пилоттық жоба іске асып жатыр. Олар – жасанды ақыл көмегімен өкпе және әйел азаматтарының ауруларын анықтау. Ол үшін мейірбике рентген аппаратына кісіні алып келеді. Кейін сол рентген аппаратының суреті базаға жүктеледі. Оны Нұр-Сұлтан, Алматы болсын, кез келген өңірдегі адам қарай алады. Біріншіден, оған диагноз қойылады, екіншіден, жасанды ақыл өзі суретке талдау жасап, өзі кеңес береді", – деді Бағдат Мусин.
Министр бұл цифрлық жобаны алдағы 5 жылда енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Мұнымен қатар, мектептерге кеңінен цифрлық технологиялар енгізілетініне тоқталды. Оқушылар өзімен бірге кітаптарды немесе басқа да керекті материалды тасып жүрмеуі үшін оның барлығы цифрлық форматқа көшіріледі.
Еске салсақ, министр Бағдат Мусин Қазақстан мектептерінде "информатика" пәнін виртуалды мұғалімдер жүргізетінін хабарлады. Ол мұның бағдарламалау саласындағы мамандар тапшылығын жою үшін жасалып отырғанын айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-