Ауыл тұрғындарының айтуынша, суға түскен балалар жиі ауыра бастаған.
Түркістан облысындағы 1-мамыр ауылының тұрғындары Бадам өзенін өңірдегі балмұздақ шығаратын кәсіпорын ластап жатқанын айтып дабыл қақты. Тұрғындар, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіппен айналысатын өндіріс орнының жер асты құбыры арқылы таудан сарқырап ағатын сағаны қалдық сумен былғап жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындардың сөзінше өзен суының ластануынан оған шомылған балалар жиі ауыра бастағанын айтады. Мәселен, ауыл тұрғыны Меруерт Жұмаева баласының суға түскеннен кейін тамағы ауырып, екі көзі іріңдеп, іші өтіп, қазір қатты ауырып жатқанын айтып шағымданды. Оның үстіне, ауылда үнемі химиялық заттардың иісі мүңкитін болған.
1-мамыр ауылының тағы бір тұрғыны Мафтуна Омарғалиеваның айтуынша, өзенге Тағайна, Ақайдар, Киелітас ауылдары, бүкіл Леңгірдің халқы шомылады екен. Ал өзеннің төменгі бөлігінен мал су ішіп, егістік суарылады.
"Бұл – мөп-мөлдір бастаудың суы. Ағып бізге жеткенше ластанып кетіп жатыр. Суға шомыла алмаймыз. Өзенде балық түгіл, бақа да қалмады. Химикаттың себебінен бе, жағада өліп жатыр", – дейді Мафтуна Омарғалиева.
Оқи отырыңыз:
- Мәжіліс депутаттары Аса өзенінің суын Билікөлге жіберуді ұсынды
- Атыраудағы Жайық өзені тартылып барады
Жұрттың жүктеген видеосынан соң балмұздақ шығаратын кәсіпорынға санитар мамандар 1 миллион теңгеге жуық сомада айыппұл салған. Ал өндіріс орнының өкілдері ол сүт таситын көліктердің цистернасын жуғандағы шайынды су еді деп ақталды. Сол арық арқылы ағып келіп, диаметрі 150 миллиметрлік құбырдан құйылды деп отыр.
Алайда әр кезде кәсіпорынның қалдық суы Бадамға құйылып жататынына талай куә болдық деген жұрт кәсіпкерлердің бұл сөзіне сенбейді. Сондықтан өзен сағасына қарай тартылған құбыр алынып тасталсын деген талап қойды.
"Кешегі мәслихаттың шешімімен құрылған өкімге сәйкес, алынады. Жою туралы айтылған. Мекеме басшылары құбырды аламыз деп уәдесін айтып тұр", – деді 1-мамыр ауылдық округінің әкімі Ханай Әшірбеков.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-