Ерлі-зайыптылар бір жыл да бірге тұрмаған.
Жамбыл облысында күйеуімен ажырасқан әйел артынан келген дүние-мүлкін сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сот дерегінше, ерлі-зайыптылар өткен жылдың маусым айында некеге тұрған. Қалыңдықтың туыстары ғұрыпқа сай ұзатылған қыздың жасауын апарып берген. Бірақ, арада көп уақыт өтпей-ақ екі жас ажырасады.
Осыдан кейін келіншек түскен үйінен жасауын қайтарып беруді сұраған. Алайда өтініші орындалмапты. Ақыры әйел амалсыз сотқа жүгінген. Сот тараптарға медиация арқылы дауды бейбіт жолмен шешуге кеңес берген. Нәтижесінде күйеу жігіт жағы 14 сәуірге дейін қалыңдықтың артынан келген мүлікті қайтаруға, ал талапкерлер келісілген күні өздеріне тиесілі жүкті тиеп алып кетуге міндеттеліпті.
Оқи отырыңыз:
- Қазақ отбасында ажырасу үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр
- Қазақта ажырасу неге көбейді? Отбасын тұрақтандырудың жолы қандай?
Осыған ұқсас іс жарты жыл бұрын Маңғыстау облысында да тіркелген болатын. Бірақ, ол кезде ер адам әйелімен ажырасқан соң қайын жұртына берген қалың малын қайтарып алмақ болған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
301
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
263
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
272
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
260
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
266
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
231
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
221
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
224
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
220
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
230
-
0
-
0
-