USD: 484.5 / 487.1
  • EUR: 553.5 / 558.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

Азия үшін аптап ыстық қалыпты жағдайға айналып барады – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2025 жыл Азиядағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық жылдардың бірі болды.

Азиядағы климаттың өзгеруі жаһандық орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жылдам жүріп жатыр. Өңірде аптап ыстық, құрғақшылық, су тасқыны және мұздықтардың жедел еруі жаңа климаттық қалыпқа айналып келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның State of the Climate in Asia 2025 атты жаңа баяндамасында жазылған.

Сарапшылардың мәліметінше, 2025 жыл Азиядағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық жылдардың бірі болды. Ұзаққа созылған аптап ыстық, нөсер жауындар, қуаңшылық және Тянь-Шань мен Памирдегі мұздықтардың қарқынды еруі өңірдегі негізгі климаттық оқиғаларға айналған.

Баяндамада биік таулы Азиядағы бақылаудағы барлық 23 мұздықтың массасы азайғаны айтылған. Бұған ауа температурасының қалыптан жоғары болуы мен қыс мезгіліндегі жауын-шашынның аз түсуі себеп болып отыр. 

Мамандардың айтуынша, бұл Орталық Азиядағы миллиондаған адамның су қауіпсіздігіне ұзақ мерзімді қауіп төндіреді. Себебі өңірдегі өзендердің негізгі су көзі – мұздықтар. Сонымен қатар мұздық көлдердің жарылу қаупі мен басқа да табиғи апаттардың ықтималдығы артып келеді. Зерттеуде теңіздердегі жағдайдың да алаңдатарлық екені көрсетілген. Азияны қоршаған мұхит суларының температурасы бақылау тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткен. Жаз мезгілінде теңіздегі жылу толқындары 10 миллион шаршы шақырымнан астам аумақты қамтыған. Бұл Қытай немесе АҚШ аумағынан да үлкен.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай өзгерістер теңіз экожүйелеріне, балық шаруашылығына және жағалаудағы елді мекендерге елеулі қауіп төндіреді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның дерегіне сәйкес, Жапония, Қытай және Корея Республикасында тарихтағы ең ыстық жаз тіркелген. Сонымен қатар Азияның әртүрлі өңірлерінде муссондық жауын-шашын мен тропикалық циклондар салдарынан ірі су тасқындары орын алса, Таяу Шығыста құрғақшылық пен шаңды дауылдар күшейген.

Сарапшылар климаттың өзгеруі өңір экономикасына, ауыл шаруашылығына, халық денсаулығына және су ресурстарына айтарлықтай әсер етіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты олар Азия елдеріне табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелерін жетілдіріп, жаңа климаттық жағдайларға бейімделу шараларын күшейту ұсынып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз