USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр қатар келеді: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның бір бөлігінде аптап ыстық, енді бір өңірде нөсер жаңбыр жауады.

30 маусымда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында аптап ыстық сақталса, солтүстік, орталық және батыс өңірлердің бірқатарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, елдің солтүстік, орталық және батыс аймақтарында найзағай ойнап, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20–25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Елордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел соғады. Күндіз ауа температурасы +26…+28 градус шамасында болады.

Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Соған қарамастан қалада аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.

Ең жоғары температура Қонаев, Талдықорған және Семей қалаларында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа +36…+38 градусқа дейін ысиды. Өскемен мен Түркістанда +35…+37, Павлодарда +35…+37, Алматыда +34…+36 градус ыстық болады.

Ал ең салқын ауа райы Орал мен Ақтөбеде күтіледі. Оралда күндіз ауа температурасы +16…+18 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақтөбеде де күндіз +18…+20 градус шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты сақтық шараларын сақтап, қатты жел мен найзағай кезінде мүмкіндігінше ашық алаңдарда жүрмеуге кеңес береді. Ал аптап ыстық болатын өңірлерде күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмау, көбірек сұйықтық ішу және күннен қорғану ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз